Шығыс Қазақстан облысында жазғы қуаңшылық пен күзгі жауын-шашынға қарамастан, 450 мың тоннадан астам күнбағыс жиналды. Жоғары өнімділікке тұқымды дұрыс сұрыптаудың арқасында қол жеткізілген. Биыл майлы дақылдар өсіретін тәжірибелік шаруашылықта жоғары өнім беретін тұқымның 8 сорты өндіріске енгізілді. Қазақстандық жаңа будан тұқымдар шетелдік баламаларынан екі есеге жуық арзан. Соған қарамастан, отандық тұқымға сұраныс айтарлықтай артқан. Олар 250 мың гектар егістік алқабына себу үшін сатып алынған. Қазақстанда жергілікті өңдеу кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз ету мақсатында күнбағыс егістігінің көлемі кезең-кезеңімен ұлғайтылып жатыр. Елімізде 80-нен астам май өндіретін зауыт жұмыс істейді. Оның 13-і шығыс өңірде орналасқан.
ЕРМЕК СҮЛЕЙМЕНОВ, СЕЛЕКЦИОНЕР:
— Болашақ өнімнің көлемі мен жалпы түсімділігі тұқымды дайындау сапасына және оның сапалық көрсеткіштеріне тікелей байланысты. Сондықтан біз бұл жұмыстарға аса жауапкершілікпен және үлкен жауапкершілікпен қараймыз.
ЖАННАТ КӨШЕРОВА, ШҚО АШБ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Біздің өңірде май өңдеу саласында жалпы қуаттылығы 1 миллион тоннадан астам майлы дақыл тұқымын өңдеуге жететін 13 ірі кәсіпорын жұмыс істейді. 250 мың тоннадан астам өсімдік майы өндірілді.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

