Астанада дипломатиялық қызмет өкілдері арасында дәстүрлі Diplomatic Chess Cup 2026 шахмат турнирі өтті. Осымен үшінші жыл қатарынан шахмат тақтасында 14 елдің елшілігі мен консулдық қызметкерлері, Қазақстанда жұмыс істейтін Еуропалық одақ делегациясы мен 11 халықаралық ұйым өкілі ақылмен сайысты.
Шара Қазақстан шахмат федерациясының бастамасымен өтті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, осы зияткерлік ойын түрлі ұлт өкілдерін біріктіреді.
Биыл турнирдің жалпы жүлде қоры – бір миллион теңге. Интеллектуалды ойынға АҚШ, Польша, Франция, Германия, Индонезия, Біріккен Араб Әмірліктері, Өзбекстан, Моңғолия және өзге де мемлекеттердің дипломаттары, сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымы құрылымдарының өкілдері де қатысты.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

Бөлісу: