Боччадан Қазақстан ұлттық құрамасы Бразилияда өткен Әлем кубогінде сәтті өнер көрсетіп, елге оралды. Сан-Паулу қаласында ұйымдастырылған дүбірлі додада 26 елдің спортшысы бақ сынасты.
Байрақты бәсекеде ел намысын үш спортшы қорғады. Жекелей сында Қуаныш Асқарбеков алтыннан алқа тақса, Итиана Шыңғысханова күміс жүлдеге ие болды. Ал командалық есепте құрама тағы үш күміс медаль еншіледі. Жалпы есепте жерлестеріміз ел қоржынына бір алтын, төрт күміс жүлде салды.
Астанада параспортшыларды демеушілер мен Қазақстан бочча федерациясының президенті Мәулен Әшімбаев қарсы алып, құттықтады. Енді спортшыларды алда жаңа жарыстар мен 2028 жылғы Паралимпиадаға іріктеу сындары күтіп тұр.
ҚУАНЫШ АСҚАРБЕКОВ, ПАРАСПОРТШЫ:
— Алдағы мақсатым – паралимпиада ойындарына қатысу. Сол үшін қазір рейтинг жинап жатырмыз. Олимпиадаға лицензия алсақ, өте қатты қуанамыз.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

