АТЫП ӨЛТІРДІ
Ақтөбеде кәсіпкерді тапа-тал түсте атып өлтіріп, көлігін айдап қашып кетті. Бетперде киген шабуылшы кім? Арнайы топ күдіктіні ұстау үшін шұғыл іздестіру операциясын жүргізіп жатыр.

ЖҰМБАҚ ӨЛІМ
Студентті өлтірген кім? Алматыдағы жігіттің өліміне қатысы бар деген күдікті ұсталды. Жұрттың жағасын ұстатқан жұмбақ өлімнің астары мен нақты мән-жайы алдағы уақытта толық әшкереленеді. Тергеу жүріп жатыр.

AI-QURYLTAI
Елімізде балаларды интернеттегі қауіптен қорғау күшейтіледі. Енді онлайн ойын мен қосымшаға арнайы талап қойылып, барлық цифрлық платформада ата-ана бақылауы енгізілуі мүмкін. Бір ерекшелігі бұл заң ЖИ көмегімен жазылған. Нәтиже қандай болады?

ЖҰМЫРТҚАҒА ТЫЙЫМ
Еліміздің азық-түлік нарығында маңызды әрі күтпеген шектеу қабылданды. Тауық жұмыртқасын сырттан тасуға тыйым салынды. Шектеу екі айға созылады. Бұған не себеп және тың шешім күнделікті тұтынатын тауардың бағасына әсер етпей ме?

ДАУЫЛДЫ ЕСКЕРТУ
Қауіп төндірген қалың тұман. Елдің бірқатар өңірінде ауа райы күрт бұзылып, жүргізушілер мен тұрғындарға дауылды ескерту жасалды. Бірнеше облыста жол тайғақ болып, желдің екпіні күшейеді. Синоптиктер сақ болуға шақырды.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

Бөлісу: