Оңтүстік Африка Республикасында бір күнде екі рет атыс болды. Екі оқиға екі қалада болған. 17 адам оққа ұшып, бірқатары жараланды. Полиция екі оқиғаның байланысы бар-жоғын тексеріп жатыр. Ал қаскөйлер із суытып үлгерген. Әзірге олардың аты-жөні мен бұл әрекетке не себепті барғаны белгісіз.
Жалпы, Оңтүстік Африка Республикасы – қылмыс саны бойынша әлемде алдыңғы қатарда тұрған мемлекеттердің бірі. Бұл елде күн сайын 60 адам кісі қолынан қаза табады.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

