25 жастағы қазақстандық бортсерік Непалдан кезекті рейспен Кувейтке барған бойда жағдайы нашарлап, жансақтау бөліміне түсті. Отандасымыздың ауруханаға жатқызылғаны туралы ақпаратты Сыртқы істер министрлігі растады.
Сырқаттың алғашқы белгілері Непалдан Кувейтке жеткен бойда байқалған. Дәрігерлер алғашқы көмек көрсеткен соң, оның жағдайы біршама тұрақталған еді. Алайда бірнеше күннен кейін бойжеткеннің халі қайта нашарлап, ауруханаға қайта жатқызуға тура келген. Науқасқа медициналық көмек ұйымдастыруға қазақстандық дипломаттар қолғабыс етті. Дәрігерлер әзірге нақты диагноз қоя алмай отыр. Сондай-ақ бортсеріктің жақындарын танымай қалғаны туралы да ақпарат тарап жатыр.
ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ:
«Кувейтте ауруханаға түскен қазақстандық азаматшаға қатысты келесіні хабарлаймыз. Қазақстандық дипломаттар азаматшаның туыстарымен және емдеуші медициналық мамандармен тұрақты байланыста. Тиісті консулдық-құқықтық көмек көрсетілуде. Бұл жағдай ҚР СІМ-нің бақылауында».
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

