Биыл Қазақстанда жалпы құны 1,7 триллион теңге болатын 200-ге жуық жаңа өнеркәсіптік кәсіпорын іске қосылады. Ал Үкіметтің міндеті – отандық кәсіпорындарға өнімдерін тұрақты өткізуге кепілдік беру. Үкімет отырысында осы мәселе күн тәртібіне шығарылды.
АЙЗАТ ТҰРҒЫНБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:
— Мемлекет басшысының 2027 жылды «Халықтық құрылыс жылы» деп жариялауы отандық құрылыс материалдарын, жабдық пен бұйымдар өндірісін дамытуға қосымша серпін береді. Отандық өндірісті дамыту және қолдау мәселелері қаралған Үкімет отырысында құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев осылай деді. Бүгінде ішкі нарықтағы сұраныстың шамамен 73%-ы отандық өнімге тиесілі. Алайда жылу оқшаулағыш және керамикалық тақта, композиттік және қаптау материалдары сияқты жекелеген өнім түрлері әлі де импортқа тәуелді болып отыр. Сондықтан құрылыс жобаларын іске асыру кезінде отандық құрылыс материалдарын негізсіз импорттық өнімдермен алмастыруға жол бермеу шаралары қабылдануда.
Жыл басынан бері жалпы инвестиция көлемі 900 млрд теңге болатын 125 жоба іске қосылған. Енді елімізде жаңа 17 мыңнан астам жұмыс орны ашылатын 200 жоба іске асырылады.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

