Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады. Құбылмалы ауа райы әсіресе батыс, солтүстік-батыс және оңтүстік өңірлердің тұрғындарына сезіледі. Ал елдің қалған бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Сондай-ақ синоптиктер республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді деп болжап отыр. Батыс, солтүстік және солтүстік-батыс облыстарда көктайғақ болуы мүмкін. Мамандардың айтуынша, алдағы күндері антициклонның орнын солтүстік циклон басып, ауа райы күрт бұзылады, күн суытады.
АЙЖАН КӨМЕК, «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК ИНЖЕНЕР СИНОПТИГІ:
— Түнгі уақытта еліміздің басым бөлігінде минусқа дейін төмендейді. Ал орталықта, шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерінің таулы аймақтарныда сынапағанасы −13…−18°С-қа дейін төмендейді. Күндіз ауа температурасы еліміздің батысы мен шығысында +5…+10°С-қа дейін, оңтүстік-батысында +10…+15°С-қа дейін, оңтүстігінде +10…+20°С-қа дейін, оңтүстік-шығысында +10…+18°С-қа дейін жоғарлайды. Тек солтүстік және орталық өңірлерде ауа температурасы −1…+4°С шамасында болады.01:00
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

Бөлісу: