АҚШ-тың банк жүйесінен ақау шықты. Бес бірдей ірі қаржы ұйымының клиенттері жеке кабинетке кіре алмай қалған. Бейресми ақпарат бойынша, бұған дәл бүгін, яғни 17 қарашада елде «цифрлық байбалам» болады деген қауесет әсер етсе керек. Дегенмен JPMorgan, Chase, Bank of America, Wells Fargo және U.S. Bank мәліметінше, ақауға кибершабуылдың еш қатысы жоқ. Оған техникалық қателік себеп. Қаржы институттарының онлайн-банкинг жүйесінде кідіріс болғаны рас. Қолданушылар аккаунтқа ене алмаған. Сондай-ақ балансын тексеріп, ақша аудара алмаған. Ақау кезінде үш мыңнан астам адам хабарласқан. Кейбір клиенттер банк бөлімшелері мен банкоматтарда мәселе туындағанын айтып, шағымданған.
АҚШ БАНКТЕРІ:
«Біздің мамандар мәселені шешуге бар күшін салып жатыр. Әзірге ақаудың себебі белгісіз. Сонымен қатар, банктердегі ақаудың бір-бірімен байланысы бар-жоғы да айқын емес. Банк жүйесіндегі бұл кілтипанның, бұған дейін «АҚШ билігіне жаппай кибершабуыл жасалады» деген қауесетке қатысы жоқ».
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

