Жапониядағы ең мықты суперкомпьютерлердің біріне кибершабуыл жасалды. Қондырғының операциялық жүйесіне заңсыз ену дерегі анықталған бойда Fugaku суперкомпьютері уақытша жұмысын тоқтатты. Жергілікті биліктің дерегінше, қолданушылардың жеке мәліметі тарап кеткен болуы мүмкін.
Бұл ақпаратты елдің Riken ғылыми-зерттеу институты мен салалық министрлік растады. Ведомствоның хабарлауынша, институт ақпараттық қауіпсіздік жүйесінде кілтипан байқалғанын бірнеше күн бұрын ескерткен. Қазір мамандар жағдайды анықтауға тырысып жатыр. Ақау аз уақытта қалпына келтіріліп, келген шығын көлемі есептелуге тиіс.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

