Әлеуметтік маңызы бар азық-түлікке салынатын қосылған құн салығын 16%-дан 10%-ға дейін төмендету ұсынылды. Бұл – «Әділет» партиясының Іскерлік кеңесінде көтерілген мәселе.
Жиынға қатысушылар сауда саласын дамыту, отандық өнімді қолдау және кәсіпкерлерге цифрлық таңбалауға дайындалуға қосымша уақыт беру мәселелерін талқылады. Бизнес өкілдерінің айтуынша, бүгінде қазақстандық отбасылар табысының 55%-дан астамын тамаққа жұмсайды. Сондықтан салықты азайту инфляцияны тежеп, халықты қолдауға мүмкіндік береді. Сауда министрлігі бұл ұсынысты қарауға дайын. Сондай-ақ отырыста отандық өндірушілердің бірыңғай тізілімін жасау және шағын дүкендерге қойылатын талаптарды реттеу жайы сөз болды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

