Елордада Ішкі істер органдары қызметкерлері арасында Arlan Chess Cup халықаралық шахмат турнирі өтіп жатыр. Биыл үшінші рет ұйымдастырылған жарыс алғаш рет халықаралық деңгейде өтуде. Турнирге Қазақстанның өңірлерінен іріктеуден өткен үздік шахматшылар қатысуда. Сонымен қатар Грузия, Тәжікстан мен Әзербайжаннан келген ойыншылар да бақ сынап жатыр. Жарыс он кезеңнен тұрады. Қатысушылар командалық және жекелей сайыстарда өзара мықтыны анықтамақ.
ГҮЛМИРА ДАУЛЕТОВА, ҚАЗАҚСТАН ШАХМАТ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:
— Жарысымыздың мақсаты –әртүрлі мемлекеттердегі ішкі істер қызметкерлерінің арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту. Шетелдік ойыншылардың қызығушылығына тәнті болдық. Мысалы, Әзербайжаннан келген Рауф Мамедов деген ойыншы – подполковник әрі гроссмейстер. 2600-ден асқан рейтингісі бар. Біз ол кісі бұрыннан білеміз, шахмат әлемінде танымал.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

