ҚЫЗМЕТІНЕН ҚУЫЛДЫ
Алматыдағы Қазақ Ұлттық университетінде болған студент өлімінен кейін оқу ордасының проректоры мен деканы қызметінен қуылды. Одан бөлек, жатақханада сол күні кезекшілікте болған жауапты қызметкерлер жұмыстан шеттетілді. Қазір олардың әрекеттеріне құқықтық баға беріліп жатыр.
ОҚУШЫ ШАБУЫЛЫ
Астанадағы №102 мектепке қыз бала пышақ алып кіріп, екі оқушыны жаралады. Зардап шеккен екі баланың жағдайы қалай? Оқушының қатарластарына пышақ сілтеуіне не түрткі? Үздік оқушыларды көреалмаушылық па әлде бұған басқа себеп бар ма?
ҚАЙҒЫЛЫ ЖАҒДАЙ
Қарағанды облысында жол апатының құрбаны болған оқушының ата-анасы куәгер іздейді. 14 жасар қыз баланы Петровка ауылында көлік қағып кеткен. Тізгінде әйел адам болған. Алайда ол әлі күнге дейін қамауға алынбаған, күдікті деп те танылмаған.
БАНКТЕГІ АҚАУ
АҚШ-тың банк жүйесінен ақау шықты. Бес бірдей ірі қаржы ұйымының клиенттері жеке кабинетке кіре алмай кібіртіктеген. Онлайн-банкинг жүйесі кідірді. Мамандар ақауға кибершабуылдың еш қатысы жоқ деп отыр. Сонда бұл техникалық қателіктің салдары ма?
ОТАНДЫҚ ӨНДІРІС
Биыл Қазақстанда жалпы құны 1,7 триллион теңге болатын 200-ге жуық жаңа өнеркәсіптік кәсіпорын іске қосылады. Үкіметтің міндеті – отандық кәсіпорындарға өнімдерін тұрақты өткізуге кепілдік беру. Ал Үкіметтен қолдау көрген кәсіпорын тек отандық өнімді тұтынуы керек.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

