Қостанай облысында он жасар оқушы зорланды ма? Қазір жыныстық зорлық-зомбылық фактісі бар жоғы тергеліп жатыр. Кейбір дерекке сәйкес, бұл оқиғаға екі оқушының қатысы болуы мүмкін. Болған жайт әлеуметтік желілерде жарияланғаннан кейін белгілі болды. Полиция қылмыстық іс қозғады, ал зардап шеккен баланың анасы өңірдегі Бала құқықтары жөніндегі уәкілден көмек сұраған.
Оқиғаның болжамды қатысушылары – 11 және 12 жастағы екі бала. Қоғам белсенділерінің айтуынша, болған жағдайды кездейсоқ жоғары сынып оқушысы байқап қалған. Осыдан кейін 5-сынып оқушысының анасы полицияға жүгінген. Өңірлік бала құқықтары жөніндегі уәкіл Несібелі Бәсенованың хабарлауынша, отбасына қажет көмек көрсетіліп жатыр. Оның ішінде психологиялық қолдау да бар. Полиция қылмыстық істің 16 қарашада тіркелгенін растады. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды.
НЕСІБЕЛІ БӘСЕНОВА, БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ ӨҢІРЛІК УӘКІЛ:
— Анасына қысым көрсетілуі мүмкін деген мәліметке келетін болсақ, бұл деректі тексеру қажет. Қазір мұның бәрі, яғни қысым көрсетілгені-көрсетілмегені тексеріліп жатыр. Сондықтан әзірге оқиғаның алдын орап, асығыс қорытынды жасамайық. Біз үшін қазір ең бастысы – баланың қауіпсіздігі.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

Бөлісу: