Аналар такси қызметіне шағымданып жатыр. Әлеуметтік желіде ата-ана балаларымен такси шақырып, діттеген жеріне бара алмай қиындыққа тап болған. Олардың айтуынша, кейбір жүргізушілер баласы бар жолаушыларды автокреслосыз тасымалдаудан бас тартқан. Ал арнайы құрылғысы бар көлікті шақыру қымбатқа түседі. Такси жүргізушілерін де түсінуге болады. Арнайы ұстап тұратын орындықсыз тасымалдауға тыйым салынды. Дегенмен бұл мәселені Астана тұрғыны әлеуметтік желіде қайта көтерді. Әйел баласымен таксиге мінбек болғанда жүргізушілер бірнеше рет тапсырыстан бас тартқанын айтқан. Оның сөзінше, ол көбіне эконом санатындағы көлікті шақырады. Алайда жүргізушілер жолаушының балаларымен баратынын білген соң тапсырысты қабылдамайды.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

Бөлісу: