Жөнделмеген жолға 45 миллион теңге. Павлодар облысында бюджет ақшасын талан-таражға салу фактісі анықталды. Ертіс ауданындағы ауыл ішіндегі жолдарды жөндеуге бөлінген қыруар қаржы мердігер компанияның есепшотына аударылған. Бірақ прокурорлардың тексеруі кезінде жолдың сол күйі жөнделмегені белгілі болды.
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ПРОКУРАТУРАСЫ:
«Успен ауданының прокуратурасы автомобиль жолдарын салу және жөндеу кезінде заңдылықтың сақталуына жүргізген тексеру барысында аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады. Атап айтқанда, Успен ауылдық округі әкімінің аппараты жөнделмеген ауылішілік жол учаскесі үшін «МКК-Элит Строй» ЖШС-не заңсыз түрде 45 млн теңге аударған. Аталған факті бойынша прокуратура әкімдік пен мердігер ұйымның лауазымды тұлғаларына қатысты Қылмыстық кодекстің 189-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады».
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

Бөлісу: