Алматы облысының Жамбыл ауданында соңғы екі жылда 500 бас жылқы ұрланды. Жергілікті шаруалар ұрлықтың өршуіне наразы. Мал ұрлығы әсіресе шалғай ауылдарда жиілей түскен. Жақында Жамбыл және Еңбекшіқазақ аудандарында барымташылықты кәсіп еткен екі қылмыстық топ ұсталды. Шаруалар ұры-қарының одан әлдеқайда көп екеніне сенімді. Жамбыл ауданының тәртіп сақшылары малдың көбіне өрістен жоғалатынын айтып, жасалған қылмыстың ізі суымай ашылуына барынша тырысатынын жеткізді.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

