Белградтағы «Галерея» сауда орталығында эскалатордың кенет тоқтап, қайта қозғалуынан он бала жарақат алды. Куәгерлердің айтуынша, эскалатор бір сәтке тоқтап, кейін қайта іске қосылған. Салдарынан балалар бір-бірінің үстіне құлаған. Олардың жетеуі қатты жарақаттанған. Барлығы жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді. Үш балаға хирургиялық ем қажет болған. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Мамандар эскалатордың техникалық жағдайын тексеріп, апаттың нақты себебін анықтауға кірісті.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

