Оқушыларды есепке алу және мектептегі буллингке қарсы күрес қағидаларына өзгеріс енгізілді. Жаңа талап 21 қарашадан бастап күшіне енеді. Енді сабаққа себепсіз жиі қатыспайтын оқушылар туралы мәлімет ай сайын полициямен салыстырылады. Ал мектептегі буллинг туралы ақпарат бір жұмыс күні ішінде тіркелуге тиіс. Жаңа талап балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және олардың білім алу құқығын қорғауға бағытталған.
АЛЬБИНА ЗАЛМҰҚАНОВА, БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ КОМИТЕТІНІҢ БАС САРАПШЫСЫ:
— Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар есепке алу қағидалары 2017 жылғы 11 шілдедегі №324 бұйрықпен бекітілген. Содан бері оларға бірнеше рет өзгерістер енгізілді. Қараша айында қолданыстағы қағидаларға енгізілген кезекті түзетулер күшіне енеді. Атап айтқанда, олардың тұжырымдары жаңа конституцияға сәйкес келтірілді. Бұл түзетулер сабаққа қатыспайтын оқушыларды арнайы есепке алуды көздемейді.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

