Қытайда әлемдік саясаттағы маңызды кездесулердің бірі өтпек. АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путин Шэньчжэнь қаласына келді. Оларды Қытай төрағасы Си Цзиньпин қарсы алды.
19 қарашада үш елдің басшысы алғаш рет үшжақты форматта келіссөз жүргізеді. Тарихи кездесу Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы форумының аясында өтеді. Ақ үйдің мәліметінше, тараптар ядролық қаруды шектеу және Ирандағы жағдайды талқылауы мүмкін. Ал Қытай тарапы халықаралық қауіпсіздік пен ірі державалар арасындағы стратегиялық тұрақтылық мәселелеріне басымдық берілетінін жеткізді.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

Бөлісу: