Адамның шыққан тегі, генетикалық ерекшелігі, тіпті қандай ауруға бейім болуы мүмкін екенін енді смартфон арқылы білуге болады. Алматыда жаңа ДНҚ-тест таныстырылды. Зерттеуден өту үшін арнайы жинаққа қосымша арқылы тапсырыс беріп, сілекей үлгісін зертханаға жіберсе жеткілікті. Талдау Illumina компаниясының жабдықтарында Ұлттық генетика институтымен бірлесіп жүргізіледі. Нәтижесі шамамен алты аптада дайын болады. Бұл цифрлық медицинаның мүмкіндігімен қатар, адамның денсаулығына қатысты тың ақпарат алуға жол ашады.
Бұдан бөлек, Freedom SuperApp-та қараша айының соңында «Медициналық паспорт» сервисі іске қосылмақ. Оның көмегімен мемлекеттік емханаға тіркелуге, үйге дәрігер шақыруға және 17 түрлі медициналық анықтаманы онлайн алуға болады. Яғни бұрын бірнеше мекемеге барып, кезек күтіп жүретін қызметтер енді телефонның ішінде қолжетімді болмақ. Ал өндіріс орындарында жұмысшылардың денсаулығын бақылауға арналған MED365 жүйесі енгізіліп жатыр.
ШЫҢҒЫС ҚҰЛАХМЕТОВ, «FREEDOM LAB» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ:
— Бұрын медициналық тексеруден өтуге 10 минуттай уақыт кететін. Қазір бұл процесті бір минутқа дейін қысқарттық. Тексеруді автоматтандырдық. Құрылғы адамның нақты жағдайын көрсетеді. Жұмысқа мас күйінде келсе, немесе денсаулығы сыр берсе бірден анықтауға болады. Әсіресе, өндірісте адамды құтқаруға мүмкіндік береді.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

Бөлісу: