Отандық теннисші Елена Рыбакина биылғы маусымды әлемнің бірінші ракеткасы дәрежесінде аяқтады. Ол WTA қорытынды рейтингінде 8099 ұпай жинап, көш бастап тұр.
Биыл спортшы үшін табысты жыл болды. Қыркүйек айында АҚШ ашық чемпионатында жеңіске жетіп, мансабындағы кезекті «Үлкен дулыға» жүлдесін иеленді. Ал қазанда Қытайдың Нинбо қаласында өткен WTA 500 турнирінде былтырғы чемпиондық атағын қорғады. Финалда канадалық Лейла Фернандесті екі сетте жеңді. Осылайша, Рыбакина Қазақстан тарихында жылды әлемдік рейтингтің бірінші сатысында аяқтаған алғашқы теннисші атанды.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

Бөлісу: