БАСПАЛДАҚТАН ҚҰЛАДЫ
Ажал айтып келмейді. Қонаевта мектеп жасындағы бала ойнаймын деп оңбай құлады. Баспалдақ жақтауынан сырғанаған 6-сынып оқушысы астыңғы қабатқа баспен түскен. Дереу ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оны аман алып қала алмады.
ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ
«Самұрық-Қазына» және ҚТЖ басшылары сот санкциясымен қамауға алынды. Сыбайлас жемқорлық дерегімен күдікке ілінген Нұрлан Жақыпов пен Елжас Отыншиев уақытша ұстау изоляторынан, тергеу изоляторына ауыстырылды. Қазір осы іске қатысты сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.
ЖЕЛІГЕ ТЫЙЫМ
Қазақстанда 16 жасқа дейінгі балаларды әлеуметтік желіде тіркеуге тыйым салынады. Құрылтай әлеуметтік желілердегі деструктивті контенттің таралуына жол бермеу, балалардың интернеттегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін қарады. Блогерлерге де жаңа талап бар.
ЖИҺАЗ ЖЫРЫ
Жиһазға тапсырыс берген бір топ адам қыруар қаржысынан қағылды. Ақтөбеде алаяқтардың құрбаны болғандардың шығыны 40 миллион теңгеден асты. Қарызға белшеден батқан тұрғындар енді ақшасын кімнен дауларын білмей дал. Ал заңгерлер не дейді?
ТЕҢДЕССІЗ ТЕННИСШІ
Теңдессіз теннисші. Елена Рыбакина маусымды әлемнің бірінші ракеткасы ретінде аяқтап, жаһандық теннис аренасына алтын әріппен жазылды. Мамандар мұны қазақ спортының жаңа дәуіріне жол ашқан тарихи жетістікке балайды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

