Дәл қазір Астанада жоғары білім мен ғылымды дамытуға арналған ірі халықаралық форум өтіп жатыр. Оған Президент келді. Үшінші рет ұйымдастырылған әріптестік форумының маңыздылығы неде? Қандай шешімдер қабылданып жатыр?
АЙЗАТ ТҰРҒЫНБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:
— Астанада стратегиялық әріптестердің lll Халықаралық форумы жұмысын кеше бастаған болатын. Екі күнге жоспарланған іс-шараға Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып жатыр. Білім саласы үшін маңызды шараға Қазақстан мен шетелдің 400-ден астам жоғары оқу орнының өкілдері, халықаралық және ғылыми ұйымдар, мемлекеттік органдар, дипломатиялық корпус пен индустриялық серіктестер жиналған. Осымен үшінші жыл қатарынан өткізіліп келе жатқан
форумның мақсаты – жоғары білім мен ғылымды дамыту, қазақстандық университеттер мен шетелдің жетекші жоғары оқу орындары арасында стратегиялық әріптестік орнату. Осы ретте Қазақстан жоғары білім мәселелерін талқылайтын халықаралық алаңға айналды десе болады.
Бүгінде елімізде шетелдік университеттердің 33 филиалы жұмыс істейді. Ал қазақстандық жоғары оқу орындарында білім алып жатқан шетелдік студенттердің саны 41 мыңға жеткен.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

Бөлісу: