АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен ұзақмерзімді келісім жасасуға ниетті. Бұл құжат болашақта Ақ үйге кім келсе де, Құрама Штаттардың мүддесін қорғайтын сенімді кепілдік болуы тиіс. Трамп Fox News телеарнасына берген сұхбатында Тегеранмен арадағы қақтығысты тоқтату үшін Вашингтонға Қытай мен Ресейдің көмегі қажет еместігін де ашық айтты. Оның сөзінше, Иран зымырандарының саны бұрынғы деңгейден 12-13 пайызға дейін қысқарды. Ал Тегеран келісімге келгісі келетіндіктен, ешкімнің көмегі керек емес деп отыр. Сондай-ақ Трамп АҚШ-тың Ормуз бұғазын толық бақылауда ұстап отырғанын жеткізді.
Айта кетейік, Шэньчжэньде Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы саммиті өтіп жатыр. Бүгін АҚШ, Ресей және Қытай басшылары алғашқы үшжақты келіссөзі өтуі тиіс. Кездесуде халықаралық қауіпсіздік, ядролық қаруды бақылау, сондай-ақ Украина мен Иран төңірегіндегі жағдай талқыланады.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

Бөлісу: