Ақмола облысында үш бірдей жол апаты алты адамның өмірін қиды. Тағы төртеуі жарақат алған. Қаза тапқандардың арасында зейнеткер ерлі-зайыпты мен жүкті әйел бар. Қайғылы оқиға Жезқазған – Арқалық – Петропавл, Астана – Атбасар – Жақсы және Аршалы – Ерейментау – Павлов тасжолында болған. Апат салдарынан ВАЗ көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы, Honda Odyssey мінген екі адам және көлік қағып кеткен жаяу жүргінші көз жұмды.
ЕРЖАН ҚОШҚАРБАЕВ, ПД ӘПБ БАСТЫҒЫ:
— Барлық факті бойынша қылмыстық істер қозғалды, болған оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталады. Полиция департаменті жүргізушілерді жылдамдық режимін қатаң сақтауға, жол ережелерін қатаң сақтауға және рульде өте мұқият болуға шақырады. Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыз!
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

