Павлодарда ақылға сыймайтын келеңсіз жағдай болды. Жергілікті тұрғын автобуста жолақысын төлемей, тегін жүрмек болды. Мұндай жағдай көлік жүргізушісіне жақпай, ол ақы төлеуді талап еткен, сол үшін бірнеше соққыға жығылды. Видеодан шабуылдаушының жүргізуші кабинасына жүгіріп барып, соққы жасағаны анық көрінеді. Бірақ павлодарлық жолаушы мұнымен тоқтамады. Сабырға шақырмақ болған жүргізушіге газ шашқан. Кішкентай балалар осы оқиғаның куәсі болды. Алған жарақатына қарамастан, жүргізуші есікті ашып, барлық жолаушыны түсірген. Бұзақы ұсталды
СҰЛТАН РЫСПАЕВ, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ ОҢТҮСТІК ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасуда. Еске саламыз, заң және тәртіп қағидаты азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және өмірдегі қоғамдық тәртіпті сақтауға бағытталған. Әр азаматты заң талаптарын сақтауға қоғамдық тәртіпті құрметтеуге және өз әрекеттері үшін жеке жауапкершілікті сезінуге шақырамыз.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

