Оқиға Балқаш көшелерінің бірінде тіркелген. Кадрдан алдыңғы дөңгелегі жоқ Mercedes автокөлігінің жолда кетіп бара жатқаны анық көрінеді. Соның салдарынан темір тұлпар бір жағына қисайып, түбі асфальтқа үйкеліп, артынан ұшқын шашырған. Ол аздай, көліктің капоты ашылып, алдыңғы әйнекті жауып қалған.
Қарағанды облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы 18 қараша күні кешкі уақытта болған. Абай мен Мусин көшелерінің қиылысында үш көлік соқтығысты.
БАҚЫТЖАН ҚҰДИЯРОВ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
— Алдын ала болжам бойынша, Mercedes-Benz автокөлігінің жүргізушісі алдыңғы дөңгелегінің жарылуына байланысты рөлге ие бола алмай қалып, өзге көліктермен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

