Балқашта екі жасөспірім қызды қорқытып, жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрледі деген күдікпен 6 адам ұсталды. 13 және 15 жастағы апалы-сіңлілердің әкесі полицияға арызданған. Оның айтуынша, бәрі қыздарының өздерінен үлкен бойжеткенмен танысуынан басталған. Ол жасөспірімдерді дәмханаға шақырып, сыйлық беріп, кейін өзге адаммен таныстырған. Әкесінің сөзінше, күдіктілер қыздарға зорлық көрсетіп, оны видеоға түсірген. Кейін сол жазбаларды таратамыз деп бопсалап, жалдамалы пәтерлерде өзге ер адаммен кездесуге мәжбүрлеген. Сондай-ақ жасөспірімдерді ұрып-соғып, ішімдікке түрлі препарат қосып беруі мүмкін деген күдік бар. Әкесі бұл іске Telegram арнасы арқылы клиент тартылғанын айтып, осы қылмысқа қатысы барларды қатаң жазалауды талап етіп отыр.
БАҚЫТЖАН ҚҰДИЯРОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Балқаш қаласының 55 жастағы тұрғыны кәмелетке толмаған қыздарына қатысты заңсыз әрекет жасалғаны туралы полицияға арызданды. қылмыстық іс қозғалды. Жедел іздестіру шаралары барысында күдіктілер ұсталды. Жыныстық сипаттағы әрекет әртүрлі уақытта және бірнеше жерде жасалғаны белгілі болды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

