Қалың тұман салдарынан Жезқазған – Қызылорда тас жолында көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылды. Қазіргі уақытта жолдың бойында 20-ға жуық автокөлік тұр. Патрульдік полиция жүргізушілерге түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қауіпсіздік шараларын ескертіп жатыр. Ал Солтүстік Қазақстан облысында күн райы күрт бұзылмақ. Өңірде жаңбыр аралас қар жауып, жол көктайғаққа айналуы мүмкін. Кей тұста тас жол көрінбей қалуы ықтимал. Сондықтан жүргізушілерге жылдамдықты асырмай, арақашықтықты сақтау ескертілді.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

