Атырау облысы Индер ауданында балаға күш көрсеткен тәрбиешіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оқиға Индербор кентіндегі Балдәурен балабақшасында болған. Әлеуметтік желіде жарияланған бейнежазбада тәрбиешінің баланы ұрып, жұлқылағаны анық көрінеді. Қазір тәртіп сақшылары балабақшадағы бейнебақылау жазбасын зерделеп, тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
ГҮЛСІМ ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:
— Аталған дерек процестік шешім қабылдау үшін Индер ауданының полиция бөліміне жолданған. Тексеру қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданып, қосымша ақпарат тексеру нәтижелері бойынша ұсынылады.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

