Атыраудағы жағдай бірінші емес, елдің түкпір-түкпірінде бүлдіршінді ұрды, жұлқылады деген ақпарат жиі айтылып, тіпті іс тіркеліп жатыр. Оның ішінде ерекше балаларды орындыққа байлап, ұрып-соғу дерегі бар. Бассыздықтың басым бөлігі бейнебақылау камерасындағы жазбадан көріп-білеміз. Алайда камера көбіне ғимаратты күзетуге ғана бағытталған. Яғни ойын бөлмелері мен түзету кабинеттеріне орнату міндеттелмеген. Ал жекеменшік балабақшада бірыңғай талап мүлде жоқ. Бұл мәселені «Әділет» партиясы фракциясының депутаттары көтерді. Олар мектепке дейінгі ұйымның әр бұрышында тәулік бойы бейнебақылау жүргізуді талап етті.
ТӘТТІГҮЛ ТАЛАЕВА, ҚҰРЫЛТАЙ ДЕПУТАТЫ, «ӘДІЛЕТ» ПФ МҮШЕСІ:
— Қалған бөлмелерге камера қою-қоймауды басшының еркіне қалдыратын 7-тармақтың 4-тармақшасын алып тастау керек. Екіншіден, камера орнатуға болмайтын бөлмелерде тәулік бойы үздіксіз дыбыс жазылуы тиіс. Әрине, бұл ретте балалардың жеке өміріне қол сұғылмауы керек, ал жазбалар қатаң қорғалып, бөгде адамға қолжетімсіз болуы шарт. Үшіншіден, бейнежазбаны сақтау мерзімін 30 күннен 90 күнге дейін ұзарту қажет.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

Бөлісу: