Ақтөбеде екі колледж студентінен адамның иммун тапшылығы вирусы анықталды. Жыл басынан бері облыста қауіпті инфекцияны 52 адам жұқтырған. Бұл былтырғы көрсеткіштен 8 пайызға көп. Науқастардың арасында шетелдік азамат та бар. Ең өкініштісі, инфекция 16 жастағы жасөспірімнен де анықталған. Облыстық ЖИТС-тің алдын алу орталығының мәліметінше, қазір облыстық орталықта 617 адам есепте тұр. Оның жетеуі – кәмелетке толмаған. Тағы екі науқас – шетел азаматы.
Айта кетейік, биыл өңірде 193 мыңнан астам зертханалық талдау жасалып, 5 мыңнан астам адам экспресс-тест тапсырған. Алайда соған қарамастан, былтырмен салыстырғанда анықталған жағдайлар саны артып отыр.
ОБЛЫСТЫҚ ЖИТС АЛДЫН АЛУ ОРТАЛЫҒЫ:
«Анықталған 52 жағдайдың 40-ы – ер адам, 12-сі – әйел. Әйелдің бірі есірткі тұтыну кезінде инфекция жұқтырған. Әлеуметтік жағдайына қарай, 25 адам – жұмыс істейді, 24-і – жұмыссыз. Сонымен қатар АИТВ екі арнаулы орта білім беру мекемесінің студентінен және бір зейнеткерден анықталды. Биыл диагноз 16 мен 66 жас аралығындағы адамға қойылды. Бұл инфекцияның әртүрлі жас арасында таралып жатқанын көрсетеді».
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

Бөлісу: