Шымкенттегі Ташкент тасжолында жанармай таситын көлік аударылып, жүргізуші өртеніп кетті. Алдымен, жалын көлік кабинасын шарпыған. Кейін төгілген май өртті өршітіп жіберді. Жүргізуші жүк көлігінен шығып үлгермеген. Полицияның мәліметінше, ол көлікті басқара алмай қалуы мүмкін. Қазір апаттың себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. Жол көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ал куәгерлер дәл осы көшеден жүк көлігі жиі өтетінін айтып отыр.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

Бөлісу: