Таразда соғыс құрбандарының ескерткішін талқандады. Белгісіз біреулер Ұлы Отан соғысында қаза тапқан 72 жауынгердің мемориалын ойрандап кеткен. Бұл ескерткіш небәрі бір ай бұрын ғана күрделі жөндеуден өтіп, қайта ашылған. Жамбыл облысының әкімі жағдайды жеке бақылауына алған. Ал полиция вандалдарды іздестіріп жатыр. Әзірге ескерткішті кім қиратқаны белгісіз. Билік мемориалды жақын арада қайта қалпына келтіруге уәде берді.
ГҮЛСАРА МҰХТАРҚҰЛОВА, ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:
— Аталған деректер бойынша ескерткіштерді қорлау дерегімен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта құқық бұзушыларды анықтап, ұстауға бағытталған жедел іздестіру шаралары жүргізілуде. Құқық бұзушылар заң талаптарына сәйкес, қатаң жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

