Балық аулауға барған үш адам жұқа мұздың астына түсіп, суға батып кетті. Қайғылы оқиға Қарағанды облысындағы Есен өзенінде болған. Марқұмдардың арасында әйел адам да бар. Шахтинск қаласының 64 және 68 жастағы үш тұрғыны таң бозынан балық аулауға шығып, сол күйі үйлеріне оралмаған. Олардың жоғалғаны туралы құтқарушыларға түн ортасында хабар түскен. Құтқарушылар дереу іздеуге шығып, дрон, жылу көрсететін дүрбі және сүңгуірлер жұмылдырылды. Арада бір жарым сағаттай уақыт өткенде үшеуінің де денесі табылды. Олар жағадан он метр жерде, екі жарым метр тереңдікте жатқан.
НҰРЖАН ЖАҚАТАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
— Құтқару жұмыстарына төтенше жағдайлар департаментінің 4 қызметкері, 6 құтқарушы, бір кинологиялық топ және 4 техника жұмылдырылды. Іздеу жұмыстарына полиция департаментінің қызметкерлері де қатысты. Мұз енді қатқан кезде су айдындарына шығу аса қауіпті. Тіпті жағадан бірнеше метр ұзап шыққан адамның өзі жұқа мұзға түсіп кетуі мүмкін. Өйткені мұндай мұз адамды көтере алмайды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

