ҚАЙЫРЫМСЫЗ ТӘРБИЕШІ
Тәрбиеші баланы неге жұлқылады? Атырау облысындағы балабақшада болған жағдай қылмыстық іске ұласты. Мектепке дейінгі ұйымдағы қатыгездік бейнетаспаға түсіп қалған. Тербиеші тергеліп жатыр. Жалпы бүлдіршінге қол көтеру қашанғы жалғасады?
ШАРУА ТАРЫҚТЫ
Шығын шаш етектен. Ал өнім өтпей шіріп кеткен. Түркістан облысында жылыжайлар жаппай жабылып жатыр. Сырттан әкелінетін арзан өніммен бәсекелесе алмаған диқандар осылай деп шағымданды. Жергілікті билік отандық өнімнің өркендеуіне неге қолқабыс етпейді?
ЖОЛАМАНДА ЖОЛ ЖОҚ
Оқушылар мектепке саз кешіп барады. Ал көлік айналып өтетін көшеде жарық та жоқ. Бұл – Семейдегі Жоламан кенті тұрғындарының күнделікті көретін азабы. Құрғақ уәдеден шаршаған жұрт жауапты мамандарды жолсызбен жүргізіп, жағдайды көздеріне шұқып көрсетті.
ҚАУІПТІ ВИРУС
Жасөспірім, студент және зейнеткер қауіпті вирус жұқтырды. Ақтөбеде 52 адамнан ВИЧ анықталды. Жалпы өңірде адамның иммундық тапшылығы вирусымен 600-ден науқас есепте тұр. Бұл жағдайға өзге жұрт алаңдаулы. Айнала толған аурудан қалай қорғану керек?
«СОҢЫРА» – ЖАҢА ФИЛЬМ
Үйлерді өртеп, екі көлікті жарып жіберді. «Соңыра» фильмінің шынайылығы үшін түсірілім тобы осындай қадамға барған. Алаңдағы ең қауіпті сәт пен құны 250 миллион теңге болатын жоба нені көздейді? Жаңа фильмнің тұсаукесері болды. Енді кинотеатрларда көрсетіледі.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

