Бидай алқабы неге қысқарып жатыр? Шаруаға қандай қолдау бар? Дала төсіндегі үлкен бетбұрыс пен нақты бағдар Президент қатысқан үшінші форумда айқындалды.
АЙЗАТ ТҰРҒЫНБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:
— Бүгін ауылшаруашылығы еңбеккерлері үшін ерекше күн. Күзгі жиын-терін аяқталып, еккенін орып алған диқандар мен өрісіндегі малын өзгеге аманаттап Астанаға аттанған шаруалар Ауылшаруашылығы еңбеккерлерініің 3-ші форумына жиналды. Биылғы іс-шара олардың кәсіби мерекесімен тұспа-тұс келіп отыр. Форумға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып жатыр. Шаруашылықтағы тынымсыз еңбек пен тірнектеп жиналған өнім маңдай термен келетінін айтқан шаруалар мемлекет қолдауы үшін дән риза. Бүгінгі форумға екі мыңға жуық еңбеккер қатысуда.
Қазақстанда соңғы жылдары егіс құрылымы өзгеріп келеді. Елде бидай алқабы қысқартылып, табысы жоғары дақылдардың үлесі арттырылуда. Биыл еліміздегі жалпы егіс алқабы 24,5 млн гектарға жуықтады.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

Бөлісу: