Куәлігінен айырылса да, көлік айдауды тоқтатпаған. Бес күн ішінде елде осындай 245 жүргізуші ұсталды. Оның 115-і әкімшілік қамауға алынды. Тағы 130 жүргізушіге айыппұл салынды. Барлығының көлігі айып тұрағына қойылды. ІІМ жүргізуші куәлігінен айырылған адамға көлік тізгіндеуге мүлде болмайтынын ескертеді. Әйтпесе, заң алдында жауап береді.
АҚТОТЫ БОРАНОВА – ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ КОМИТЕТІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:
— Ішкі істер министрлігінің ұстанымы айқын. Құқығынан айырылған жүргізуші көлік тізгініне отыра алмайды. Ешқандай ерекшелік жоқ. Полиция мұндай жүргізушілерге қатаң шара қолданады. Бұл жай ғана қағида емес, бұл – адамдардың өмірі мен қауіпсіздігі.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

Бөлісу: