Ақтөбеде лифтпен жұдырықтасқан үш жігіттің ермегі қымбатқа түсті. Оқиға 11-шағын ауданындағы көпқабатты үйде болған. Жігіттердің түн ішінде лифтіге кірген сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Онда біреуінің есікті қайта-қайта теуіп, жұдырықтағаны анық көрінеді. Соққыдан лифт есігі майысып, істен шыққан. Полицейлер көп ұзамай бұзақыларды анықтап, бөлімшеге жеткізді. Лифтіні қиратқан сол үйдің тұрғыны болып шықты. Оның екі серігі де жауапқа тартылып, қамауға алынды.
ЕРБОЛАТ САРҚҰЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:
— Полиция әкімшілік заңнаманың үш бабы бойынша әкімшілік материал жиналды: қоғамдық орында алкогольдік мас күйде жүру, тыныштықты бұзу және ұсақ бұзақылық. Нәтижесінде, сот шешіммен құқық бұзушылардың үшеуі де әкімшілік қамаққа алынды. Лифтіні тепкен жігіт 10 тәулікке қамалса, қалған екеуін 5 тәулікке қамауға алынды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

