Жыл басынан бері Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары кибералаяқтың арбауына түсіп, 2,5 миллиардтан астам теңгесінен айырылды. Алаяқтар сауда платформаларында жоқ тауар мен қызметті әлеуметтік желіде жарнамалаған. Қаскөйлер фишингтік сілтеме көрсетіп, жалған сайтты жамылып, инвестициялық ұсыныс жолдаған. Тіпті банк пен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің атынан қоңырау шалған. Зардап шеккендердің жартысы – жұмыс істейтін және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азамат. Ал 19 пайызы – зейнеткер. Енді өңір азаматтарын кибералаяқтардан қорғау мақсатында цифрлық сауаттылықты ашатын тегін курс өткізіле бастады.
ҚАНАТ АХМЕТСАФИН, КИБЕРҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Полиция қызметкерлері осындай 86 қылмысты ашты. Зардап шеккендердің 36 миллион теңгеден астамы қайтарылды. «Антифрод» жүйесі арқылы жәбірленушілердің 120 миллион теңгесі бұғатталды. Қазіргі уақытта бұл қаражатқа қатысты тергеу-жедел іс-шаралары жүргізіліп жатыр.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

