Куәлігінен айырылса да, көлік айдауды тоқтатпаған. Бес күн ішінде елде осындай 245 жүргізуші ұсталды. Оның 115-і әкімшілік қамауға алынды. Тағы 130 жүргізушіге айыппұл салынды. Барлығының көлігі айып тұрағына қойылды. ІІМ жүргізуші куәлігінен айырылған адамға көлік тізгіндеуге мүлде болмайтынын ескертеді. Әйтпесе заң алдында жауап береді.
АҚТОТЫ БОРАНОВА, ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ КОМИТЕТІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:
— Ішкі істер министрлігінің ұстанымы айқын. Құқықығынан айырылған жүргізуші көлік тізгініне отыра алмайды. Ешқандай ерекшелік жоқ. Полиция мұндай жүргізушілерге қатаң шара қолданады. Бұл жай ғана қағида емес, бұл – адамдардың өмірі мен қауіпсіздігі.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

Бөлісу: