САМСА ТАУСЫЛДЫ
Астанада самса пісіріп, қалың жұртты қарық қылып келген жеке цех жабылды. Әлеуметтік желіде жар салып, жұмысын жарнамалаған әйелдің арна тілшілеріне тап бергені бекер емес екен. Адам ұшынатын жағдайда тағам әзірлеген кәсіп иесінің рұқсаты болмай шықты.
ҮКІМ КЕСТІ
Кездесуге алдап шақырып, бауыздап тастады. Түркістан облысында қыз бала 20 жастағы жігітті пышақтап, сүйегін өртеп жіберген. Бүгін сот 9-сынып оқушысына үкім кесті. Енді өрімдей бойжеткеннің 8 жыл өмірі өкінішпен өтеді.
ӨТЕМАҚЫ ДАУЫ
Шымкентте жол құрылысынан соң үйлерде жарықшақ пайда болды. Қабырғасы сөгіліп, төбесінен топырақ төгілген тұрғындардан тыныштық кетті. Шығынды кім өтейді, әкімдік не дейді? Seven News тілшілері зерттеп келді.
ҰБТ ТӨҢІРЕГІНДЕГІ ДАУ
Келер жылы ұлттық бірыңғай тест тағы да түрленуі мүмкін. «Химия – Физика» комбинациясын «Химия – Биологияға» ауыстыру бастамасы қоғамда қызу талқыға түсті. Ата-ана алаңдаулы, ал министрліктің уәжі қандай?
ШАРУАЛАР ФОРУМЫ
Алтын дән алқабы азайтылып жатыр. Енді бір уыс бидай құн сүйіп, бір үзім нанның қадірі артуы керек. Шаруа дала төсінде басқа бетбұрыс жасамақшы. Бүгін ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің үшінші форумы өтті. Жиынға мемлекет басшысы қатысты.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

