Шығыс Қазақстан облысында мұз шытынап, 9 жасар бала суға батып кете жаздады. Оқиға Алтай қаласында болған. Құтқарушылар дер кезінде көмекке жетіп, баланы судан шығарып, дәрігерлерге тапсырды. Қазір оның жағдайы тұрақты. Мамандар мұндай оқиғалардың алдын алу үшін ата-аналарды балалардың қауіпсіздігіне бейжай қарамауға шақырады. Әсіресе жағалауға жақын орналасқан батпақты және таяз жерлерде мұз жұқа болады. Мамандар мұндай аумақтарға жақындау өмірге қауіп төндіретінін ескертеді. Сондықтан балаларға су айдындарында ойнауға және мұз үстіне шығуға болмайтынын түсіндіру маңызды.
АЛМАС БАЙЖУМИНОВ, ТЖД АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:
— Алтай қаласы, Курчатов көшесінің маңында батпақты учаскеде 2017 жылғы бала мұз астына құлап кеткен оқиға тіркелді. Оқиға орнына бірінші келіп жеткен құтқарушылар баланы дереу құтқарып, медициналық қызметкерлерге тапсырды. Баланың жағдайы қанағаттандырлық. Ата-аналарға ескертетін ережелеріміз: балаларыңызды жалғыз қалдырмаңыздар, төтенше жағдай болған жағдайда 112 номеріне хабарласыңыздар.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

