Қарағанды циркінде өнер көрсетіп жатқан акробат 5 метр биіктіктен құлады. Оқиға орнына жедел жәрдем дереу жетті. Гимнаст қандай да бір сақтандыру белдігінсіз шыққан. Сөйтіп, тепе-теңдікті сақтай алмай, манежге құлаған. Бірақ шоу тоқтатылған жоқ. Жүргізуші көрерменді сабырға шақырды. Көп ұзамай акробаттың аман екені айтылды. Кішігірім ауырсыну болмаса, аз уақыттан кейін жұмысын жалғастыра алатыны белгілі болды. Қалың көрермен бұған қатты қуанды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

