Индонезияда кондитерлік фабрикадан шыққан өрттен кемінде 24 адам қаза тапты.
Тағы 30-ға жуық жұмысшы із-түзсіз жоғалған. Оқиға Ява аралының батысындағы Серанг округінде болған. Жалын үш қабатты өндіріс ғимаратын шарпып, нысанның бір бөлігі опырылып түскен. Құтқарушылар үйінді астынан адам сүйектері салынған 24 қапты алып шықты. Қазір мамандар қаза тапқандардың кім екенін анықтау үшін туыстарынан ДНҚ үлгілерін жинап жатыр. Бұл жұмыс екі-үш аптаға созылуы мүмкін.
Алдын ала мәлімет бойынша, өрт кондиционер жүйесіндегі қысқа тұйықталудан шығуы ықтимал. Алайда оның нақты себебі әлі анықталған жоқ. Құтқару жұмыстары әлі жалғасуда. Ғимараттың кей бөліктері опырылу қаупіне байланысты іздестіру жұмыстары күрделі жағдайда жүріп жатыр.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

