16 күн. Осы уақытта полиция отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді іс әрекет жасау үшін халықаралық акцияға үн қоспақшы. Бұндай белсенділіктің бір себебі – тұрмыстық қатынастар саласында тіркелген қылмыс санының 56 пайызға өсуі. Жыл басынан бері «102» арнасына отбасылық-тұрмыстық жанжалдар мен құқық бұзушылықтарға қатысты 10 мыңнан астам хабарлама түскен. Қазірдің өзінде отбасында теперіш көріп, қиындыққа тап болған 60 шақты әйел «Үміт» дағдарыс орталығында тұрып жатыр. Осындай зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында Астана қаласының Полиция департаменті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, үкіметтік емес ұйымдар және тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге көмек көрсететін дағдарыс орталықтарымен бірлесіп, кешенді іс-шара өткізуді жоспарлап отыр. Мақсат – отбасы тыныштығын сақтауға шақыру.
НАЗГҮЛ МАҒЖАН, ӘІОДС ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Өкінішке қарай, қазіргі таңда мен 3 себепті айта аламын. Олар: лудомания, тәуелділік, соның ішінде нашақорлық, алкоголизм, сосын экономикалық тұрақсыздық. Ең өкініштісі, балалардың осындай дағдыда өмір сүріп соны көргендері. Жалпы, тұрмыстық зорлық зомбылықты нөлдік деңгейге жеткізуіміз керек.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

