Ұлттық Банк келесі жылы базалық мөлшерлеме қандай кесте бойынша өзгеретінін мәлімдеді. Сонымен 2027 жылы сегіз шешім жариялау көзделіп отыр. Оның жартысы алдын ала болжамдардардың нәтижесіне қарай қабылданады. Базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер аптаның соңғы күнінде, түскі сағат 12:00-де жарияланып отырады. Сөйтіп, жаңа ереже келер аптаның басында күшіне енеді.
Айта кетейік, Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша соңғы шешімді осы жылдың 23 қазанында жариялаған болатын. Оның жылдық көлемі 16,25%-дан 15,75%-ке азайтылған еді. Бұған жылдық инфляцияның бәсеңдеуі және күтілген инфляциялық болжамның төмендеуі себеп.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

