Әзірге еліміздің бірқатар өңірінде қардың орнына жаңбыр жауып тұр. Кейбір жерде шөп әлі көк. Ал осыдан тура 10 жыл бұрын, яғни 2016 жылы осы уақытта далада қар жатқан және кейбір өңірде 33 градусқа дейін аяз болған. Дегенмен Қазгидромет мамандары алдағы күндері қар аралас жаңбыр жауатынын ескертті. Бірақ нақты қай өңірде қар жауатыны айталмай отыр. Сонымен қатар жел күшейеді. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Сондықтан жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді сақ болуға шақырады.
АҚНҰР АЙТБАЕВА, «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК ИНЖЕНЕР СИНОПТИГІ:
— Алдағы күндері Қазақстан аумағы арқылы бірқатар солтүстік-батыс циклондары өтеді. Еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Жаңбы және қар түрінде жауын-шашын күтіледі. 24 қарашада Қазақстанның шығыс және оңтүстік-шығысында жекелеген аударда жауын-шашын болжанады. Елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында көктайғақ құбылыстары күтіледі. Ал республика бойынша жел күшейіп, тұман түседі.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

