1,1 млрд теңге субсидияны жымқырған. Түркістан облысында ауыл шаруашылығына бөлінген қаржыны жымқыру дерегі анықталды. Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, күдікті техниканы жеткізуші, лизинг беруші және мемлекеттік қолдау алушы компанияларды өз бақылауына алған. Сөйтіп, екі серіктестік арқылы 81 жаңбырлатып суару қондырғысын сатып алуға субсидия рәсімдеген. Ал лизинг беруші ретінде күдіктінің бақылауындағы микроқаржы ұйымы көрсетілген. Мемлекеттен бөлінген қаражат осы ұйымның арнайы шотына түскен.
ЕРНАР ТАЙЖАН, ҚР ҚМА РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Алайда 37 жаңбырлатып суару машинасы іс жүзінде жеткізілмеген және орнатылмаған. Соған қарамастан, міндеттемелердің толық орындалғаны туралы жалған мәліметтер көрсетілген қабылдау-тапсыру актілері рәсімделген. Кейін бюджет қаражаты күдіктінің бақылауындағы ұйымдардың шоттарына аударылған. Нәтижесінде, мемлекетке 1,1 млрд теңге көлемінде залал келтірілген. Күдікті қамауға алынды. Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

